Accessibility links

Иранда президент сайлауы 2013 жылы 14 маусымда өтпек


Иран президенті Махмұд Ахмединежад.
Иран президенті Махмұд Ахмединежад.
Иранның ресми IRNA агенттігі елде келесі президент сайлауы 2013 жылы 14 маусымға белгіленгенін хабарлады.

Елдің ішкі істер министрі жұма күні келесі президент сайлауы муниципалдық сайлаумен қатар өтетіндігін айтты. Осылайша елде тұңғыш рет муниципалдық сайлау мен президент сайлауы бір уақытта өтпекші.

Қазіргі президент Махмуд Ахмединежад алдағы президент сайлауына түсе алмайды. Сарапшылар келер жылғы сайлауда Ахмединежадтың жақтастары мен консерваторлар арасында талас болады деп болжап отыр.

Махмуд Ахмединежад алғаш рет 2005 жылы, екінші рет 2009 жылы 4 жыл мерзімге сайланған.
XS
SM
MD
LG