Accessibility links

Каддафидің ұлының соты 5 айға шегерілді


Саиф әл-Ислам Каддафи.
Саиф әл-Ислам Каддафи.
Ливияда бұрынғы президент Муаммар Каддафидің ұлы Саиф әл-Исламның соты бес айға кейінге қалдырылды.

Елдің бас прокуроры "бұған өткен аптада қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшысы Абдулла әл-Сенуссидің тұтқындалуы себеп болды" дейді. Прокурор Сенусси жауап алу кезінде әл-Исламның ісіне қатысты қосымша деректер беріп қалуы мүмкін екенін айтады.

Тамыз айында Ливия билігі "әскери қылмыс жасады" деп айыпталған Саиф әл-Ислам Каддафидің соты қыркүйектің басында басталады деген. Бірақ биліктен құлатылған Муаммар Каддафидің "қара жәшігі" саналатын Сенуссидің ұсталуы Саиф әл-Исламның сотын кейінге ысырды. Сафи әл-Исламның соты әкесі Муаммар Каддафи биліктен құлатылғаннан бергі ең атышулы сот болмақ.

Бірақ Гаагадағы халықаралық сот соттың әділ өтетініне күмән келтіріп отыр.
XS
SM
MD
LG