Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымы Қазақстан үкіметі мен елдегі бірнеше мұнай компанияларын "мыңдаған мұнайшының құқықтарын бұзып отыр" деп сынады.
Ұйымның Орталық Азия бойынша жауапты маманы Мира Ритман қыркүйектің 10-ында Алматыда өткен баспасөз мәслихатында "Мұнай және ереуілдеген жұмысшылар: Қазақстанның мұнай саласындағы еңбек құқықтарының бұзылуы" атты есебін жариялады. Онда 2011 жылдың 16-17 желтоқсанындағы Жаңаөзен мен Шетпедегі оқиғалар Қазақстанда жұмысшылар мен адам құқықтарын елемеу мәселесі бар екенін көрсеткені айтылады.
HRW өз есебінде Қазақстанды елдегі еңбек заңнамаларын халықаралық стандарттарға сай жасап, кәсіподақ мүшелерін қудалауды тоқтатуға шақырады.
Құқық қорғаушылар бұған қоса Қазақстанның шетелдік әріптестерін, оның ішінде Еуропа Одағын елдегі жұмысшылар құқықтарының бұзылуына көз жұмып қарамауға шақырған.
Ұйым оппозициялық саясаткерлер Владимир Козлов, Серік Сапарғали және азаматтық белсенді Ақжанат Әминовтің соты әділ өтіп жатқанына да күмән келтіреді.
HRW есебін Батыс Қазақстанда 2011 жылдың тамыз-қазан айларында жүргізілген зерттеулеріне сүйеніп жасаған. Құқық қорғаушылар зерттеуге қатысты "Қаражанбасмұнай", Ersai Caspian Contractor LLC және "Өзенмұнайгаз" және басқа да компанияларға сұрау салған.