Мәдениет және ақпарат министрлігі мемлекеттік ақпарат құралдарына төтенше жағдай кезінде бейресми ақпарат таратуға және ресми ақпаратты теріс түсіндіруге тыйым салды деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.
Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай сейсенбіде үкімет отырысында мәлімдеген. Оның айтуынша, "мемлекеттік ақпарат құралдарының бейресми ақпаратты жариялауы немесе оны теріс түсіндіруі ақпараттың шынайылығына күмән тудырып, азаматтарды қандай да бір іс-әрекет жасауға итермелейді".
Министр бұған қоса хабар тарататын барлық телеарна, газет және интернет ресурстарында да бейресми ақпараттың таралып кетпеу амалдары қарастырылып жатқанын айтты.