Accessibility links

Ауғанстанда исламға қарсы фильмге наразылық танытты


Кабулдегі наразылық акциясында демонстранттар мен полиция қақтығысып қалды. Ауғанстан, 17 қыркүйек 2012 жыл.
Кабулдегі наразылық акциясында демонстранттар мен полиция қақтығысып қалды. Ауғанстан, 17 қыркүйек 2012 жыл.
Бүгін Ауғанстан астанасы Кабулде жүздеген адам АҚШ-та түсірілген "Мұсылмандардың күнәсіздігі" атты исламға қарсы фильмге наразылық танытты. Демонстранттар антимаерикалық ұрандар айтып, көлік доңғалақтарын өртеді, полицияға тас лақтырды.

Наразылық АҚШ пен НАТО әскери базалары орналасқан Кабулдың шығыс жағында басталды.

Кабул полициясының бастығы Мұхаммед Салангидің айтуынша, кейбір наразылық танытушылар полицияға қарата оқ атқан. Бірақ қақтығыс тумауы үшін қауіпсіздік күштеріне оларға қарсы оқ атпауға бұйрық берілгендіктен, 40-тан астам полицей жеңіл жараланған.

Өткен аптада АҚШ-та түсірілген исламға қарсы делінген "Мұсылмандардың күнәсіздігі" атты фильмге бірнеше мұсылман елінде наразылық танытып жатыр.
XS
SM
MD
LG