Accessibility links

Ауғанстанда жарылыстан 12 адам қаза тапты


Ауғанстан астанасы Кабулдағы халықаралық әуежайда бүгін жанкешті автобуста жарылыс жасап, соның салдарынан 12 адам қаза тапты. Олардың жетеуі - шетел азаматтары.

"Хизб-е-ислами" бүлікшілер тобы шабуылды өз мойнына алып, оны "АҚШ-та түсірілген Мұхаммед пайғамбарды қорлайтын фильмге берілген жауап" деп мәлімдеді.

Жүздеген мұсылман дүйсенбіде Кабулдағы АҚШ әскери базасына тас лақтырып, көлік доңғалақтарын өртеген. Ал Құндыз уәлаятында жүздеген студент полициямен қақтығысып, АҚШ президенті Барак Обаманың суретін өртеді.

АҚШ-та түсірілген исламға қарсы "Мұсылмандардың пәктігі" атты фильмге бірнеше елде мұсылмандар наразылық білдіріп жатыр.
XS
SM
MD
LG