Accessibility links

Бірінші Чат-Айтыс: Мусағали мен Бейбіт


Чат айтыстың екіншісі жұбы Мусағали Тасқалиев (сол жақта) және Бейбіт Мекеев. (Суреттер жеке мұрағаттан алынған).
Чат айтыстың екіншісі жұбы Мусағали Тасқалиев (сол жақта) және Бейбіт Мекеев. (Суреттер жеке мұрағаттан алынған).
Азаттық сайтында өтіп жатқан "Чат-Айтыстың" екінші жұбы болып батыс қазақстандық Мусағали Тасқалиев пен алматылық Бейбіт Мекеев сөз сайысына түсті. Оқырмандардың дауыс беруі бойынша 16-3 есебімен Мусағали жеңіске жетті.

Мусағали Тасқалиев 1971 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Еңбек жолын "Жалпақтал аудандық газетінде әдеби қызметкерліктен бастап, кейін аталған газеттің бас редакторлығына дейін өскенін" айтады.

Бүгін «Спорт жұлдыздары» журналының шығарушысы және бас редакторы болып отырған Мусағали Тасқалиев:

- Бір кездері Әкежан Қажыгелдин құрған халықтық партияның, кейін «Ұлы дала қырандары» ұлттық қозғалысының Ақтөбе филиалдарын басқардым, - дейді.

Ол Қазақстан журналистер одағы мен Қазақстан жастар одағы, Баубек Бұлқышев және Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтардың иегері, ақындық және сазгерлік қабілеті бар, каратэ спортының бірінші дан иегері екенін айтты.

Бейбіт Мекеев 1973 жылы Алматы облысы Қабанбай ауылында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін 2000 жылы тәмамдаған. Қазір республикалық «Заң» газетінде аудармашы болып істейді. Аудармадан қолы босаған сәттерде өлең жазатынын айтқан ол:

- Бірақ өлеңім өз тартпамнан аспапты, - дейді.

«Заң» газетіне дейін «Алтын орда» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен Бейбіт бір ұл мен бір қыздың әкесі.

Құрметті оқырмандар, Чат-айтыстың қатысушылары қайым айтыс жасап жатқанда немесе айтыс біткен соң үш күннің ішінде Азаттық вебсайтына я тіке, я Facebook арқылы тіркеліп кіріп, коммент ретінде жарияланатын әрбір шумаққа жеке дауыс бере аласыздар. Дауыс беру үшін + (Ұнайды) деген белгіні басасыздар.

Чат-айтыстың ережесін мына жерден оқыңыздар.
XS
SM
MD
LG