Accessibility links

Назарбаев пен Путин 2 миллиард доллардың келісіме қол қойды


Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан-Ресей тоғызыншы өңіраралық ынтымақтастық форумында. Павлодар, 19 қыркүйек 2012 жыл.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан-Ресей тоғызыншы өңіраралық ынтымақтастық форумында. Павлодар, 19 қыркүйек 2012 жыл.
Павлодардағы Қазақстан мен Ресей президенттері қатысқан, екі елдің тоғызыншы өңіраралық ынтымақтастық форумында инновациялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды деп хабарлайды президенттің ресми akorda.kz сайты.

Форумда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өңіраралық индустриалдық кластер құру, ғарыш саласын дамытуда ынтымақтастық орнату қажет екенін айтқан. Ол бұған қоса ресейлік компанияларды Алматыдағы инновациялық технологиялар паркінің жұмысына қатысуға, аграрлық инновациялық орталықты қалыптастыруға, Курчатов ғылыми қалашығын құруға шақырды.

Ал Ресей президенті Владимир Путин машина жасау саласына ғылыми технологияны енгізуге басымдық беріліп отырғанын айтты. "Ол екі ел таяу жылдары Қазақстанда толық циклді автомобиль зауытын салуды жоспарлап отырғанын және азаматтық тікұшақтар жасайтын бірлескен кәсіпорындар құруға мүдделі екенін айтты" деді президенттің баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев форумның қорытындысы бойынша бірлескен жобаларға қатысты сомасы 2 миллиард АҚШ долларын құрайтын 27 келісім жасалғанын мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG