Accessibility links

АҚШ сенаты «Тимошенко ісіне» қатысты қарар қабылдады


Бұрынғы премьер-министр Юлия Тимошенко Украинаның бас прокуратурасы алдында. Киев, 20 желтоқсан 2010 жыл
Бұрынғы премьер-министр Юлия Тимошенко Украинаның бас прокуратурасы алдында. Киев, 20 желтоқсан 2010 жыл
АҚШ конгресі бұрынғы премьер-министр Юлия Тимошенконы абақтыға қамап отырған Украина билігіне қарсы саяси санкция салуды көздейтін қарар қабылдады.

Қарар жобасын республикалық партия мүшесі Джеймс Инхоф жасады. Бұл сенатор «Тимошенко саяси себептермен сотқа тартылды» деп санайды. Қарарда Украина үкіметінің бұрынғы басшысын денсаулығына байланысты тез арада босату жөнінде талап қойылған.

Сонымен қатар Украинаның жоғары лауазымды бірқатар шенеуніктеріне АҚШ аумағына кіруге тыйым салу жөнінде ұсыныс жасалған. Олардың арасында Украина президенті Виктор Янукович те бар.
XS
SM
MD
LG