Accessibility links

АҚШ Иранға санкцияны күшейтпек


Иран ұлттық мұнай компаниясының Парсы шығанағындағы мұнай кен орны. (Көрнекі сурет).
Иран ұлттық мұнай компаниясының Парсы шығанағындағы мұнай кен орны. (Көрнекі сурет).
АҚШ Иранның ислам революциясын қорғау корпусымен байланысы бар деп Иран мемлекеттік мұнай және газ компаниясына қарсы санкцияны күшейтпек ниетте.

АҚШ қаржы министрінің дерегінше, Иранның революциялық гвардиясы халықаралық санкцияны бұза отырып, компанияның мұнай сатуын үйлестіріп отырады.

Иран мұнай компаниясына салынатын санкция АҚШ азаматтарына компаниямен жұмыс жасасуға тыйым салады.

Батыс елдері Тегеранды ядролық қару жасайды деп күдіктенген бағдарламасынан бас тартқызу үшін бірқатар санкциялар салған. Бірақ Иран әлі күнге ядролық бағдарламасы тек бейбіт мақсатты көздейтінін айтып келеді.
XS
SM
MD
LG