Accessibility links

Қызылағаш оқиғасына қатысты шенеуніктің үкімі өзгермеді


Су басқаннан соң қайта жасалған Қызылағаш ауылындағы көпір. Алматы облысы. (Көрнекі сурет).
Су басқаннан соң қайта жасалған Қызылағаш ауылындағы көпір. Алматы облысы. (Көрнекі сурет).
Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Евгений Енинді ақтап шығарған үкім күшінде қалды деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі. Қазақстан жоғарғы сотының ақпараты бойынша, бас прокуратураның үкімге білдірген қарсылығы қанағаттандырылмаған.

Евгений Енин 2010 жылдың 11 наурызы күні түнде Алматы облысының Қызылағаш су қоймасы жарылып, адам шығыны болған оқиғада "қызметіне салғырт қарады" деп айыпталған еді.

Биыл 24 қаңтарда Талдықорған гарнизонының соты Енинді "кінәсіз" деп тапқан.
XS
SM
MD
LG