Accessibility links

Іле Алатау ұлттық паркінде тағы өрт болды


Іле алатау ұлттық паркінің өрттен кейінгі жағдайы. Алматы, 7 қыркүйек 2012 жыл.
Іле алатау ұлттық паркінің өрттен кейінгі жағдайы. Алматы, 7 қыркүйек 2012 жыл.
Бүгін таңертең Іле Алатау ұлттық паркінің аумағындағы орманнан өрт шығып, алдын-ала мәлімет бойынша 25 гектар жер жанып кеткен. Бұл турасында сәрсенбі күні кешке қарай ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Сәрсенбі күні, 26 қыркүйек, сағат 6-да Іле Алатау ұлттық паркіне қарасты Түрген аумағындағы орманнан өрт шықты. Сол күні сағат 17.40-та өрт сөндірілді. Алдын-ала мәлімет бойынша, өрт шалған аумақтың көлемі 25 гектар» делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге 35 адам мен төрт өрт сөндіргіш машина, тікұшақ қатысқан. Ресми ақпарат бойынша, қазір оның себептері анықталып жатыр.

Тамыз айының аяғында Іле-Алатау ұлттық паркіндегі Медеу шатқалының 21 гектар жерді өрт шалып, оны қалпына келтіру үшін 350 миллион теңгеге жуық қаржы керегі хабарланған еді.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG