Accessibility links

Қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың бұрын еш жерде жарияланбаған романы табылды. Жазушының қызы Шырын Айтматованың айтуынша, "Жер және сырнай" деп аталатын романы әкесінің мұрағатынан табылған.

Романда Қырғызстанда Шу каналы салынған 1930-1940 жылдар суреттеледі. Романның басты тақырыбы - жас қырғыз жігіті мен қызының байланысы. Роман орыс тілінде жазылған, түпнұсқасы таяу арада жарияланады. Романның қашан жазылғаны және не үшін дер кезінде жарияланбағаны белгісіз.

Қырғыз және орыс тілдерінде жазған Шыңғыс Айтматов 2008 жылы 79 жасында қайтыс болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG