Accessibility links

Алматы облысында жер сілкінді


Іле Алатауы. Көрнекі сурет.
Іле Алатауы. Көрнекі сурет.
Бүгін таңғы сағат төрттен алты минут кеткенде Алматы облысы аумағында 4,3 магнитудалы жер сілкінісі тіркелген. Бұл туралы Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан слтүстік-шығысқа қарай 230 шақырым жерде болған. MSK-64 шкаласы бойынша 2-3 баллдық жерасты дүмпулері Жаркент қаласында сезілген.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ деп хабарлайды төтенше жағдайлар қызметі.
XS
SM
MD
LG