Accessibility links

Юлия Тимошенко наразылық шарасын тоқтатты


Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко.
Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко.
Харьков прокуратурасы қамаудағы Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенкоға серіктерімен кездесуге рұқсат берген соң оппозициялық саясаткер жұма күні кешке наразылық шарасын тоқтатты. Бұл туралы Тимошенконың адвокаты Сергей Власенко хабарлады.

Түрмеде денсаулығы нашарлаған соң осыдан бірнеше ай бұрын Тимошенко Харьковта ауруханаға жатқызылған еді. Жұма күні онымен кездеспекші болған үш оппозициялық саясаткермен жолығуға билік рұқсат бермей қойған соң, Тимошенко өз палатасының есігінің алдына, бетон еденге жатып алды. Ол талабы орындалмайынша сол жерден тұрмайтынын мәлімдеген еді.

Бұған дейін Тимошенко жазасын өтеп жатқан түрменің әкімшілігі емдеу мекемесінде жатқан сотталған адам тек адвокаттары және медицина қызметкерлерімен ғана жолыға алады деген уәж айтқан болатын.

Былтыр қазанда Киевтің аймақтық соты елдің бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенконы «2009 жылы Ресеймен газ келісімдерін жасаған кезде қызмет бабын асыра пайдаланды» деген айыппен жеті жылға түрмеге кесу туралы үкім шығарған.
XS
SM
MD
LG