Accessibility links

Атырауда жұмысшылар жалақыларын даулап жатыр


Атырау мұнай өңдеу зауытының өндіріс территориясына кіретін қақпа. Атырау, 30 қараша 2009 ж.
Атырау мұнай өңдеу зауытының өндіріс территориясына кіретін қақпа. Атырау, 30 қараша 2009 ж.
Атырау мұнай өңдеу зауытында хош иісті отын кешенінің құрылысында жұмыс істеген «Компанияның оңтүстік тобы» фирмасының жұмысшылары өздеріне тиесілі еңбекақыны төлеуді кәсіпорын әкімшілігінен талап етіп, жұмысқа шығудан бас тартқан. Бұл туралы қазақстандық ақпарат құралдары хабарлады.

Жұмысшылар бірнеше айға тиесілі еңбекақыларын ала алмай отырғанын айтып Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Атырау облысы бойынша департаментіне өтініш түсірген.

Арызда кейбір жұмысшылардың биылғы сәуір айынан бері жалақы ала алмай келе жатқаны туралы жазылған. Бірақ «Компанияның оңтүстік тобы» фирмасының директоры Игорь Томас жалақы тек тамыз айынан бастап кешіктірілгенін айтады. Бұл мәселенің мән-жайын енді құзырлы орындар анықтамақшы.
XS
SM
MD
LG