Accessibility links

Украина гомосексуализмді насихаттауға тыйым салмақ


Украина парламенті алдындағы гомофобияға қарсы акция. Киев, 2 шілде 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Украина парламенті алдындағы гомофобияға қарсы акция. Киев, 2 шілде 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Украина парламенті гомосексуализмге тыйым салатын заң жобасын алғашқы оқылымында-ақ мақұлдады. Құжатта гомосексуализмді насихаттағандарды қылмыскер деп танып, бес жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Заң жобасын дайындаған депутаттардың пікірінше, "гомосексуализм ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді". Депутаттар "мұндай өмір салтын ұстану қоғамда СПИД індетін таратып, отбасы институтының бұзылуына және бала туу азаюына, демографиялық дағдарысқа соқтырады" деп санайды.

Заң жобасы парламентте енді екінші рет тыңдалуы тиіс. Жоба қабылданған жағдайда, президенттің қол қоюына жіберіліп, күшіне енеді.
XS
SM
MD
LG