Accessibility links

АҚШ-та 11 адам "технология экспорттау" күдігімен ұсталды


АҚШ-та "Ресейдің әскери және барлау мекемелеріне жоғары технологиялық электроника бұйымдарын заңсыз тасымалдаумен айналысты" деген күдікпен 11 адамға айып тағылды.

Нью-Йорк прокуратурасының дерегі бойынша, сыртқа шығарылған микроэлектроникалық құралдар түрлі әскери жүйелерде қолданылатындықтан АҚШ-та қатаң мемлекеттік бақылауда болған.

Тергеу мәліметтеріне қарағанда, күдіктілер заңсыз экспортпен 2008 жылдан бері айналысып келген. Күдіктілердің арасында Қазақстанда туған, бірақ Ресей мен АҚШ азаматтығын бірдей алған Александр Фищенко бар. Күдіктілердің барлығы қамауға алынған.
XS
SM
MD
LG