Accessibility links

Қазақстанда спорт телеарнасы ашылады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
2013 жылы Қазақстанда арнайы спорт телеарнасы ашылады. Бұл туралы бүгін Астанада «Ақпараттық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасы бойынша өткен қоғамдық тыңдау кезінде елдің мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Арман Қырықбаев мәлімдеді.

«Елбасының тапсырмасына сай, алдағы жылдан бастап жаңа спорт телеарнасын ашу жоспарланып отыр», - деді Қырықбаев.

Бұған дейін Қазақстанда «Білім» телеарнасы және тәулік бойы хабар тарататын «24.kz» телеарнасы іске қосылған болатын.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің деректері бойынша, қазіргі таңда Қазақстанда 2,7 мыңнан аса бұқаралық ақпарат құралы тіркелген.
XS
SM
MD
LG