Accessibility links

Грузияда үкіметті тапсыру жөнінде келіссөздер басталды


Грузия президенті Михаил Саакашвили (сол жақта) және оппозиция жетекшісі Бидзина Иванишвили.
Грузия президенті Михаил Саакашвили (сол жақта) және оппозиция жетекшісі Бидзина Иванишвили.
Грузия үкіметі жақында өткен парламент сайлауында жеңіске жеткен оппозициялық коалицияға билікті тапсыру жөнінде келіссөздер бастады.

Коалиция келіссөздер нәтижесінде премьер-министр қызметіне миллиардер Бидзина Иванишвили тағайындалады деген сенімде. Сарапшылар Иванишвилидің осы сайлауда президент Михаил Саакашвилидің билігін қатты сынайтын әрі оған бәсекелес саяси күштердің басын біріктіре алғанын атап көрсетеді. Президент Саакашвилидің өкілеті енді бір жылдан соң - 2013 жылы қазанда аяқталады.

Саакашвили биліктен кеткен соң жүргізілетін конституциялық реформалар аясында президент өкілеттігінің негізгі бөлігі парламент көпшілік дауыспен сайлайтын премьер-министрге өтпекші.

Оппозициялық «Грузин арманы» коалициясы 1 қазандағы сайлау нәтижесінде парламенттегі көпшілік орынға ие болды.
XS
SM
MD
LG