Египет президенті Мұхаммед Мурси елдің бұрынғы басшысы Хосни Мүбәрәктің биліктен кетуіне себеп болған үкіметке қарсы жаппай наразылықтарға байланысты ұсталып, сотталғандарға рақымшылық жариялау туралы жарлық шығарды. Сонымен бірге бұл рақымшылыққа елде Мүбәрәктен соң әскери үкімет билік құрып тұрған кезде наразылық шараларына қатысып, жазаға тартылған азаматтар да ілінді.
Алайда президент жарлығы адам өлтіргені үшін сотталғандарға жүрмейді. Нақты қанша адамның рақымшылыққа ілінгені айтылмаған. Дүйсенбі күні қол қойылған президент жарлығы 2011 жылғы қаңтар мен Мурси билікке келген 2012 жылғы маусым айының аяғына дейінгі кезеңді қамтиды.