Accessibility links

Нобель сыйлығы қытай жазушысына берілді


Қытай жазушысы Мо Янь. Пекин, 24 желтоқсан 2009 ж.
Қытай жазушысы Мо Янь. Пекин, 24 желтоқсан 2009 ж.
Қытай жазушысы Мо Янь әдебиет саласы бойынша 2012 жылғы Нобель сыйлығының иегері атанды.

Бүгін жария етілген Нобель сыйлығы комитетінің шешімінде жазушының өз шығармаларында «галлюцинаторлық реализмді халық ертегілерімен, тарихпен және қазіргі заманмен ұштастыра білгені» айтылған.

Әдеби туындыларын Мо Янь деген лақап атпен шығаратын 57 жастағы қытай жазушысының шын аты-жөні - Гуань Мое. Ол Гонконг ашық университетінің құрметті докторы. Жазушының туындыларының желісі бойынша бұған дейін бірнеше көркем фильм де түсірілген. Солардың арасында 1988 жылы түсірілген «Қызыл гаолян» фильмі әлемнің көптеген елдерінде көрсетілді.
XS
SM
MD
LG