Қазақстанның бас әскери прокуратурасы қылмыстық іс бойынша ауыр айып тағылып қазірде Талдықорған қаласында қамауда отырған Владислав Челахтың өзін-өзі өлтіруге әрекеттенгені туралы хабарлады. Бұл туралы ақпарат жұма күні әскери прокуратураның сайтында жарияланды.
"2012 жылғы 11 қазанда 16 сағат шамасында ЛА-155/16 мекемесінің ішкі пост күзетшісі қамауда ұстау камераларын кезекті тексеру барысында қамауға алынған В.В.Челахтың спорттық шалбарын терезе торына байлау арқылы өзін-өзі асу әрекетін көрсеткенін байқаған. Мекеме әкімшілігімен алдын алу шаралары қабылданды" делінген онда.
Бас әскери прокуратура Челахтың денесінде жарақаттар байқалмағанын, денсаулығы қанағаттанарлық жағдайда екендігін және оның іс материалдарымен танысып жатқанын хабарлап отыр.
Осының алдында Владислав Челахтың анасы Светлана Ващенко Азаттық тілшісіне ұлының түрмеде өз-өзіне қол салмақшы болғанын тергеушіден естігенін айтқан еді. Жұма күні қазақстандық ақпарат құралдары Светлана Ващенконың қамауда отырған ұлының өміріне араша түсуді сұрап Қазақстан президентіне хат жазғаны туралы хабарлады.
"Арқанкерген" бекетіндегі 14 шекарашы мен орманшының өліміне кінәлі деп қамауға алынған Владислав Челахқа осы айдың асында қылмыстық кодекстің 8 бабы бойынша айып тағылған еді.