Accessibility links

АҚШ Бакиевтің ұлына айып тақпақ


Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің ұлы Максим Бакиев.
Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің ұлы Максим Бакиев.
АҚШ үкіметі Ұлыбритания билігінен Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің ұлы Максим Бакиевті өзіне тапсыруды талап етті. Таяуда Лондонда ұсталған Бакиевтің ұлына "АҚШ заңдарын бұзды", "бағалы қағаздарға қатысты алаяқтық қызмет жасады" деген айыптар тағылмақ.

Бішкектегі АҚШ елшілігі таратқан мәлімдемеге қарағанда, Максим Бакиев кінәсін мойындаған жағдайда ұзақ мерзімге сотталуы мүмкін.

Максим Бакиев өткен жұмада Лондонда АҚШ әділет министрлігінің сұрауы бойынша ұсталған. Ол полицияға түсінік беру үшін өз еркімен келген еді.

Қырғызстан үкіметі Максим Бакиевті бірнеше ауыр қылмыстар жасады деп айыптап отыр. Оған "Қырғызстанда инвестиция агенттігін басқарып тұрған кезде ірі көлемде қаржы жымқырды" деген айып тағылған.

Қырғызстан мен Ұлыбритания арасында қылмыс жасағандарды экстрадициялау туралы келісім жоқ.
XS
SM
MD
LG