Accessibility links

Ливияның жаңа премьер-министрі сайланды


Ливияның ұлттық конгресі елдің жаңа премьер-министрі етіп Әли Зейданды сайлады. Зейданды 93 депутат қолдап дауыс берді.

Бұған дейінгі премьер Мұстафа Абушагур өткен аптада өзі ұсынған үкімет құрамы мақұлданбаған соң қызметтен босатылған.

Зейдан бұрынғы президент Муаммар Каддафи тұсында дипломатиялық қызмет атқарған. Ол 1980 жылдары елден кетіп, оппозиция қатарына өткен.
XS
SM
MD
LG