Accessibility links

Жаңаөзен полициясы: Куәгер өлімінің саяси астары жоқ


Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасының бастығы Амангелді Досаханов.
Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасының бастығы Амангелді Досаханов.
Жаңаөзенде қаза тапқан Жаңаөзен оқиғасы бойынша соттың куәгері Александр Боженконы "бұзақылар өлтірді". Бұл туралы бүгін Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасының бастығы Амангелді Досахановқа сілтеме жасаған жергілікті Lada.kz сайты хабарлады.

Куәгердің қаза болғанынан дүйсенбіде азаматтық белсенді Ғалым Ағелеуов хабардар еткен еді.

Досахановтың айтуынша, "Боженконы өлтірді" деген күдікпен Жаңаөзен қаласының екі тұрғыны ұсталған. "Тергеу барысында бұзақылар Боженконы 50 теңгеге бола өзара сөзге келіспей, өлтіргендері анықталды" дейді Досаханов.

Ол Боженконың өлімінде ешқандай "саяси астар жоғын" айтады.
XS
SM
MD
LG