Accessibility links

Путин терроризммен күресті күшейтуді тапсырды


Ресей президенті Владимир Путин.
Ресей президенті Владимир Путин.
Ресей президенті Владимир Путин терроризммен күрес органдары өкілдерімен кездесіп, соңғы бірнеше айда елде "террорист" деген күдікпен 313 адамның көзі жойылғанын мәлімдеді. Оның арасында 43-і - "террористік топтардың жетекшілері".

Путин бұған қоса арнайы операцияларды жүргізу барысында 479 адам ұсталғанын да айтты. Ол соңғы жылдары Ресейдің антитеррористік қызметі әлдеқайда жақсы жұмыс істей бастағанын мәлімдеді. Бірақ Путин "әлі де табанды жұмыс істеп, терроризммен күресті күшейту қажет" екенін тапсырды.

Ресей президенті күштік құрылымдарға арнайы операцияларды жүргізу кезінде бейбіт тұрғындар зардап шекпеу керегін ескертті.
XS
SM
MD
LG