Accessibility links

Челахқа тағы бір адвокат тағайындалды


Шекарашы Владислав Челах "қылмыс жасағанын мойындап" тұр. (YouTube видеосынан жасалған скриншот). 13 маусым 2012 жыл.
Шекарашы Владислав Челах "қылмыс жасағанын мойындап" тұр. (YouTube видеосынан жасалған скриншот). 13 маусым 2012 жыл.
Арқанкерген бекетіндегі 14 шекарашы мен орманшының өліміне кінәлі деп сотқа тартылған Владислав Челахтың ісіне қатысты тағы бір адвокат тағайындалды деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі. Челахтың тағы бір адвокаты Серік Сәрсеновтің айтуына қарағанда, жаңа адвокаттың қылмыстық іске қатысты құпия материалдармен танысуына рұқсат етілген.

"Іс 56 томнан тұрады. Маған танысуға 53 томы берілді, себебі қалған үш томында құпия мәліметтер бар. Құқық органдары ол құпия деректермен танысу үшін тағы бір адвокат тағайындаған секілді. Челах ол томдармен адвокатпен бірге танысады" деді Сәрсенов. Адвокаттың айтуынша, оған 20 қазанға дейін іспен танысып шығуға рұқсат еткен.

Арқанкергендегі оқиға 2012 жылы 30 мамырда мәлім болды. «Шығыс» аймақтық шекара қызметі Үшарал отрядының Арқанкерген заставасынан 14 шекарашы мен бір қорықшы - барлығы 15 адамның сүйегі табылған.

Маусымның 5-інде тірі қалған жалғыз шекарашы - 19 жастағы Владислав Челах ұсталды. Маусымның 7-сінде Қазақстан бас прокуратурасы Челахтың «қасындағы серіктерін өлтіргенін» мойындағаны туралы хабарлады.

Ал өткен аптада Қазақстанның бас әскери прокуратурасы қылмыстық іс бойынша ауыр айып тағылып, қазірде Талдықорған қаласында қамауда отырған Владислав Челахтың 2012 жылы 11 қазан күні өзін-өзі өлтіруге әрекеттенгені туралы хабарлаған.
XS
SM
MD
LG