Accessibility links

Палестин автономиясында жергілікті сайлау өтіп жатыр


Палестин автономиясының жетекшісі Махмуд Аббас.
Палестин автономиясының жетекшісі Махмуд Аббас.
Бүгін Иордан өзенінің сол жағалауындағы Палестин автономиясының аумағында жергілікті органдардың сайлауы өтіп жатыр. Бұл сайлауда негізгі тартыс Махмуд Аббас жетекшілік ететін биліктегі «Фатх» қозғалысының қазірде өзара түрлі жікке бөлініп бәсекелес болып отырған фракциялары арасында өрбіді.

Махмуд Аббас осы жолғы сайлау арқылы экономикалық қиындықтарды еңсеруде және Израильмен бейбіт келіссөздерде айтарлықтай нәтижеге жетпеуі, сондай-ақ ХАМАС тобымен тіл табыса алмауы салдарынан палестиндіктер арасында бәсеңдеп қалған беделін қайта нығайтуды көздеп отыр.

2007 жылдан бері Газа секторына бақылау орнатқан ХАМАС тобы ол жерде сайлау өткізуге рұқсат берген жоқ.
XS
SM
MD
LG