Accessibility links

АҚШ интернет-цензурамен күреске ақша аямайды


Азаматтық белсенді интернет-цензураға қарсылық көрсетіп тұр. Мәскеу, 11 шілде 2012 жыл
Азаматтық белсенді интернет-цензураға қарсылық көрсетіп тұр. Мәскеу, 11 шілде 2012 жыл

Мамандар мен қолданушылар цензураны айналып өту технологиясымен бірге цензураның өзі де дамып бара жатқанын айтып шағымданады.

The Washington Post («Вашингтон Пост») басылымы қазанның 22-і күні интернеттегі цензурамен күрес жайлы мақала басты. Мамандардың айтуынша, жаңа жоба танымал болған сайын оны қаржыландыру қиындап барады.

WP-тың жазуынша АҚШ қаржыландырып отырған әлеуметтік желідегі цензурамен күресуге қабілетті бағдарламаны қолданғысы келетін интернет пайдаланушылар репрессивтік елдерден көптеп шығып жатыр. Күн сайын бір миллионнан астам жыл сайын күшейіп бара жатқан үкіметтік бақылау мен цензаураны айналып өтетін құралдарды қолдануға ынтық.

«ҚАРЖЫ ҚОЛ БАЙЛАП ТҰР»

Мақала авторының зерттеуінше бұл бастама танымал боп, кең тараған сайын жаңа жоба көбірек қаржыны талап етеді.

Қоғамдық белсенділер мен үкіметтік емес ұйымдар: «АҚШ үкіметі қаржыландырап отырған интернеттегі бұл айламыз шамадан тыс сұранысқа ие боп кеткендіктен бұл жобаны тоқтаусыз дамыта беруге қаржы тапшы» дейді.
Тегеран полициясы тәркілеген видео-аппаратура мен спутниктік табақшалар. 21 ақпан 2012 жыл
Тегеран полициясы тәркілеген видео-аппаратура мен спутниктік табақшалар. 21 ақпан 2012 жыл

Желідегі қиындық көбейген сайын бақылауды бұзатын бағдарламалар баяулап, Қытайдағы, Ирандағы және тағы басқа елдердегі интернет тұтынушылардың оларға қолдары жетпей қалып жатыр. Осының кесірінен олар Барак Обама әкімшілігі ұсынған интернет еркіндігін пайдалана алмай қиналады.

АҚШ үкіметіне қарасты шетелге талерадиохабар тарату агенттігінің инновациялық және қызмет көрсету технологиясы басқармасының директоры Андре Мендес: «Біз әр жолы қосымша қаржы саламыз. Желідегі кедергілер уақытша болсын жеңілдейді. Бірақ оны қысқа уақыт ішінде қайтадан қалпына келтіру үшін тағы да қаржы іздеуге мәжбүрміз. Ақшаны мол салған сайын қосымша каналдар да көбейе береді. Каналдар көбейген сайын ортадағы кедергілерді де бұзып өтуге мүмкіндік молаятыны түсінікті емес пе?» дейді.

WP-тың келтірген дерегі бойынша АҚШ үкіметі жыл сайын интернет еркіндігіне жол ашу үшін 30 миллион доллар ақша жұмсайды. Алайда шындығында олар осы арқылы ақпараттар ағымын реттеу үшін миллиардтаған ақшаларды шығын қылып, әр түрлі жолдармен үкіметке қарсы күресіп отыратын топтарды да қаржыландырады.

ҚЫТАЙ МЕН ИРАННЫҢ ҚЫСПАҒЫ

Мақала авторы интернет цензурасының президент сайлауы талқысының да бір өзекті тақырыбына айналғанып айтып өтеді. Өткен аптада республикашылар партиясының кандидаты Митт Ромнимен болған дебатта, Барак Обама Қытайда үкіметтік бақылаудың күштілігін айтып өткен. Обама ол кезде Bain Capital компаниясының атқарушы директорын Қытайдың интернеттегі цензураны күшейтумен айналысатын фирмаларына инвестиция салғаны үшін айыптаған. Ромни де Обама әкімшілігін Қытайдағы, Ирандағы және тағы басқа интернет еркіндігі шектелген елдерге қарсылық көрсетпегені үшін сынап қалды.
Қытайдағы цензураға қарсы шығушылардың бірі суретші Ай Вэйвэй. Бейжің, 27 қыркүйек 2012 жыл
Қытайдағы цензураға қарсы шығушылардың бірі суретші Ай Вэйвэй. Бейжің, 27 қыркүйек 2012 жыл

WP-тың жазуынша АҚШ үкіметі цензура қатты дамыған елдердегі интернет қолданушылар қалаған ақпаратын кедергісіз көшіріп алатын бағдарламалар жасаумен айналысатын коммерциялық емес ұйымдар мен топтарды тегін қаржыландырып отыр. Интернет тұтынушылар өз еліндегі бақылау мен цензураны айналып өтетін құралдарды барынша қолданып жатыр.

«Бұл бастаманың мақсаты – интернет еркіндігін сақтау. Бірақ ол жобаны жүзеге асыру оңайға соқпай тұр» деп жазады мақала авторы.

WP-ның зерттеуінше, соңғы жылдары Қытайдағы бақылау қызметі қатты күшейген. Коммунистік режим әлеуметтік желілерді бақылау үшін технологияны шапшаң дамытып жатыр. Иран да экономикалық блокадада отырғанына қарамастан цензураны күшейту ісі бойынша көп ілгеріліп кетті. Иран шетелден келетін барлық аудио немесе видео материалдарды тыңдап және көруге тыйым салып, Иранның өз ішінде жұмыс жасайтын, тұйықталған интернет жүйесін жүзеге асырып жатыр.

Интернет еркіндігін жақтаушылар кейбір елдердің интернетті шектеу ісіне қарсы күресу үшін Обама әкімшілігінен өздерінің жұмыстарының тезірек дамуы үшін көмек сұрайды. Олар «әлеуметтік желідегі цензура мен бақылауды айналып өтетін құралдардың дамуы әлі де өте баяу» деп алаңдайды.
XS
SM
MD
LG