Accessibility links

Қазақстанда түрме бастығы қамалды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Оңтүстік Қазақстан облысында пара алды деген күдікпен түзеу мекемесінің бастығы қамауға алынды деп хабарлады Қазақпарат.

Қазақстан ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі берген дерек бойынша, 25 қазанда қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері мен Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қаржы полициясы бірлесіп атқарған жедел-алдын алу іс-шарасының барысында сотталушылардың біріне жалпы қамқорлықты қамтамасыз етуге қолғабыс ету үшін 100 мың теңге көлемінде ақша алды деген күдікпен түзеу мекемесінің бастығы ұсталған.

Оның үстінен Қазақстанның қылмыстық кодексінің 311-бабы бойынша (пара алу) қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатқаны хабарланып отыр.
XS
SM
MD
LG