Accessibility links

Түркияда елдің зайырлы мемлекет болуын талап етті


Түркияның зайырлы мемлекет болуын талап еткен шеру. Анкара, 29 қазан 2012 жыл.
Түркияның зайырлы мемлекет болуын талап еткен шеру. Анкара, 29 қазан 2012 жыл.
Анкарада полиция билік рұқсат етпеген шеруге қатысушыларды көзден жас ағызатын газ қолданып, су ату арқылы қуып таратты.

Он мыңдаған адам қатысқан шеру түрік республикасының құрылған күніне арналды. Демонстранттар Түркияның зайырлы мемлекет болуын қолдап, "Біз Кемальдің сарбаздарымыз!", "Түркия зайырлы мемлекет және бола да береді" деп ұрандатты.

Полиция араласқан соң шерушілер бейбіт түрде тарқап кетті. Ресми ақпараттар бойынша, шерушілерді қуып тарату кезінде ешкім жараланып, тұтқындалмаған.

Қазіргі Түркияны Мұстафа Кемаль Ататүрік осыдан 89 жыл бұрын, Осман империясы құлаған соң құрған. Соңғы бірнеше жылда республика құрылған күн Режеп Тайып Ердоғанның басқаруындағы исламшыл үкімет пен Түркияның зайырлы мемлекет болуын қалайтын оның қарсыластары арасындағы бөліну символына айналып барады.
XS
SM
MD
LG