Астанада бүгін журналистер одағының басшылығы мен бас редакторлар клубының отырысында Қазақстан журналистерінің этикасы кодексі қабылданды деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.
Құжатта кодекстің "журналиске моральдық-этикалық бағыт-бағдар беретіні, өзін-өзі қалай ұстауын айқындайтыны, журналист пен бұқаралық ақпарат құралдары ұйымына деген құрмет пен сенімді қалыптастыруға жағдай жасайтыны" айтылған.
Кодекстің заңдық күші жоқ, яғни ол журналисті қудалауға себеп бола алмайды.