Accessibility links

Ресей парламенті сатқындық туралы заң жобасын мақұлдады


Ресей президенті резиденциясы алдында наразылық танытушыны полиция ұстап әкетіп барады. Мәскеу, 7 қазан 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Ресей президенті резиденциясы алдында наразылық танытушыны полиция ұстап әкетіп барады. Мәскеу, 7 қазан 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Ресей федерациялық кеңесі мемлекеттік құпияны заңсыз иеленгені және оны жариялағаны үшін тағайындалатын жазаны күшейтетін заңға түзету енгізуді мақұлдады.

Азаттық радиосы Орыс қызметінің хабарлауынша, түзетуде "мемлекеттік құпия ақпаратты заңсыз жолмен алғандарды немесе оны басқа елдерге таратқандарды" 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Бұдан өзге, түзетуде "мемлекетке сатқындық жасау" бабына да өзгеріс енгізілген. Ол бойынша, енді "шет мемлекет пен шетелдік ұйымға Ресейдің қауіпсіздігіне қарсы бағытталған қаржылық-техникалық жәрдем қылу, кеңес беру, я басқа да көмек ету" де сатқындық деп саналады.

Ресей құқық қорғаушылары заң жобасын қатаң айыптап, бұл әрекет биліктің еркін ойды шектеуге талпынуы деп бағалады. Құқық қорғаушылар Михаил Федотов, Людмила Алексеева, Светлана Ганнушкина, Лев Пономарев және Валерий Борщев федерация кеңесінің спикері Валентина Матвиенкоға түзетуді кері қайтаруды сұрап, өтініш жасады. Олар енді президент Владимир Путинге заңға қол қоймауын сұрап, қайырылмақ.

Заң жобасын дайындаған Ресейдің федералдық қауіпсіздік қызметі бұған дейін мемлекеттік құпияларға қатысты заңнаманы қатаңдатуға шетелдік барлау қызметтері әдіс-тәсілдерінің өзгеруі себеп болып отыр деген.
XS
SM
MD
LG