Accessibility links

ЕҚЫҰ өкілінің Қазақстанға сапары аяқталды


ЕҚЫҰ-ның баспасөз еркіндігі мәселелері жөніндегі өкілі Дуня Миятович. Белград, Сербия, 20 қыркүйек 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
ЕҚЫҰ-ның баспасөз еркіндігі мәселелері жөніндегі өкілі Дуня Миятович. Белград, Сербия, 20 қыркүйек 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
ЕҚЫҰ-ның баспасөз еркіндігі мәселелері жөніндегі өкілі Дуня Миятович Қазақстан үкіметін ақпарат құралдарына қатысты реформаларды ары қарай жалғастыруға және журналистер қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды. Бұл туралы ЕҚЫҰ өзінің ресми сайтында Миятович Қазақстанға жасаған жұмыс сапарын аяқтаған соң хабарлады.

Дуня Миятович Қазақстанда президенттің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаевпен, адам құқықтары жөніндегі комиссар Арман Шәкіровпен, сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовпен, мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаевпен кездескен.

"Мен Қазақстан билігін соңғы уақыттары журналистерге жасалып жатқан шабуылдарға ерекше назар аударып, оларды мұқият тергеуге шақырдым" деді Миятович.

ЕҚЫҰ өкілі бұған қоса қылмыстық кодекс пен азаматтық кодекстегі "жала жабу" туралы ұғымды жоюға және оған қатысты сот ісінде журналистерден талап етілетін моральдық шығынның көлемін азайтуға шақырды. Миятович ақпаратты еркін алуға мүмкіндік беретін заң қабылдау қажет екенін де айтып, "сандық телеарна саласындағы реформалар плюрализмге жол ашуы тиіс" деді.
XS
SM
MD
LG