Accessibility links

Киевте оппозиция сайлау нәтижесіне наразылық танытты


Сайлау нәтижелеріне наразылық акциясы. Ривненск облысы, Украина, 1 қараша 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Сайлау нәтижелеріне наразылық акциясы. Ривненск облысы, Украина, 1 қараша 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Украина оппозициясы бүгін Киевте орталық сайлау комиссиясы ғимаратында 28 қазанда өткен парламент сайлауының нәтижелеріне наразылық танытқан акция өткізді.

Акцияға қатысушылар президент Виктор Янукович пен сайлау комиссиясының басшысына үндеу жолдап, онда дауыс беру нәтижелерінің жаппай бұрмаланғанын айтты.

Соңғы деректер бойынша, акцияға бірнеше мың адам қатысқан. Акцияны Жоғарғы Радаға өткен оппозициялық үш партия - "Батькивщина" біріккен оппозициялық партиясы, "боксшы Виталий Кличконың "УДАР" партиясы және ұлтшыл "Свобода" бірлестігі ұйыдастырған.

Алдын ала ресми деректерге қарағанда, аралас жүйеде өткен сайлауда аздаған басымдықпен басқарушы "Аймақтар" партиясы жеңіске жеткен. Партиялық тізім бойынша оппозициялық партиялар жеңіске жетіп тұрғанымен, бір мандатты округтер бойынша дауыс беру қорытындысында билеуші партия парламенттегі көпшілік орынға ие болып тұр.

Бірақ оппозиция бірқатар аймақтарда дауыс беру дұрыс өтпеді деп санайды.
XS
SM
MD
LG