Accessibility links

Қытай коммунистік партиясының құрылтайы ашылды


Қытай коммунистік партиясы құрылтайының ашылуы қарсаңы. Пекин, 7 қараша 2012 жыл.
Қытай коммунистік партиясы құрылтайының ашылуы қарсаңы. Пекин, 7 қараша 2012 жыл.
Пекинде Қытай коммунистік партиясының 18-құрылтайы ашылды хабарлайды Xinhua ("Синьхуа") агенттігі.

Екі мыңнан астам делегат жиналған құрылтайдың ашылуында Қытай халық республикасының төрағасы Ху Цзиньтао сөз сөйледі. Ол партия мүшелері мен барлық азаматтарды "қытайлық мазмұндағы социалистік жолмен ары қарай нық қадам баса беруге және қалыпты дамып келе жатқан қоғам құру ісін аяқтауға" шақырды.

Ху Цзиньтао "сыбайлас жемқорлық мәселесін шеше алмау партияны құрдымға кетіретінін" айтты.

Бір аптаға созылатын құрылтайда Ху Цзиньтао мемлекет басшылығын Си Цзиньпинге өткізіп береді және партия саяси бюросының мүшелері жасақталады деген жоспар бар.

Құрылтайға орай Пекинде қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Жергілікті құқық қорғаушылардың айтуынша, көптеген диссиденттер үйқамаққа алынды немесе тұтқында отыр.
XS
SM
MD
LG