Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
AzattyqTV
5 – 9 қараша 2012 жыл
9 қараша 2012 жыл, 16:21
Өткен аптаның сурет баяны
1
Оппозициялық «Голос республики» газетінің баспагері Данияр Молдашев (суретте) бауыры Асқар Молдашевтың қамалуын – ҰҚК-дегілердің өзінен кек алуы деп мәлімдеді. «Менің бауырымның ісі – саяси іс.Бұл біздің ҰҚК-ге жұмыс істеуден бас тартқанымыз үшін кек алу екендігінде күмән жоқ» деді Данияр Молдашев қарашаның 5-інде.
2
«Асқарды қазанның 31-і күні таңертең «Арлан» арнайы жасағы ұстаған. Оның қалтасында сұр түсті таблеткалар мен ұнтағы бар пакетик табылған-мыс. Бұл есірткі көрінеді. Мұның барлығы өтірік.Ол тіпті темекі де тартпайды, қайдағы есірткі?» дейді Асқар Молдашевтың әйелі Татьяна Молдашева.
3
«Бұл хатты Асқар Молдашевтың өзі жазды» деген Татьяна Молдашева қысым күйеуі қамалардан бірнеше апта бұрын басталғанын айтты.
4
Теміртауда белгісіз біреулер «Зеркало» газетінің редакциясын өртеп кетті. Өртенген кеңседен бөтелке, кірпіш, шүберек табылған. Суретте: «Зеркало» газеті редакциясындағы кабинет. Теміртау, 7 қараша 2012 жыл.
5
«Бөтелкелердің ішінде тез жанатын сұйықтық болған. Бірақ бензин бе, әлде керосин ба, басқа ма – әзірге белгісіз. Істі прокуратураға жібердік» дейді Теміртаудағы төтенше жағдай департаментінің бөлім қызметкері Иван Костин. Суретте: Редакцияның сынған терезесі. Теміртау, 7 қараша 2012 жыл.
6
«Редакциямызды не үшін өртегенін дөп басып айту қиын. Газеттің соңғы нөмірінде қолыма түскен сметалар жайында жазғанмын» деді газеттің тілшісі Наталья Вернадская.
7
Талдықорған тұрғындары мен мемлекеттік мекемелердің мамандары жезөкшелікті заңдастыру жөнінде қалалық газеттерде бастама көтерді. Бұған қаладағы моншалар мен қонақүйлердегі жезөкшеліктің өршіп тұрғаны себеп болған. Кейбір азаматтардың пікірінше, «жезөкшелікті заңдастыру қазынаға салық ретінде түсетін табыс мөлшерін арттырады». Суретте: Саунадағы жас әйелдер. Талдықорған, 5 қараша 2012 жыл.
8
«Алматы облысында осы кәсіпті бизнеске айналдырып алған сауна, қонақүй, моншалар жыл сайын көбейіп барады. Өткен жылы Талдықорғанның өзінде ғана 37 монша-сауна кешені тіркелсе, биыл олардың саны 40-тан асып кетті... Біз жезөкшелерді ғана ұстап, сутенерлерді ғана қылмыстық жауапқа тарта аламыз» дейді Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Көбейхан Нұрахмет. Суретте: Саунадағы адамдар. Талдықорган, 5 қараша 2012 жыл.
9
Қытайдың Макао (Аомынь) әкімшілік ауданында Азия олимпиада комитетінің кезекті конгресінде Азия құрлығының үздік 20 спортшысы аталды. Ол спортшылардың қатарына қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова, ауыр атлеттер Илья Ильин мен Зүлфия Чиншанло енді. Суретте: Лондон олимпиадасының жеті алтын алған чемпиондар: Ольга Рыпакова, Александр Винокуров, Серік Сәпиев, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза, Илья Ильин, Светлана Подобедова. (Суретті дайындаған Анса Мұстафа). 13 тамыз 2012 жыл.
10
Қарашаның 7-сінде велоспортшы Александр Винокуров (суретте) төңірегіндегі дауға қатысты мәлімдеме жасаған Қазақстан велоспорт федерациясы «халықаралық велосипедшілер одағының зерттеуін мұқият бақылайтынын» хабарлады. Александр Винокуров 2010 жылы Льеж – Бастонь – Льеж біркүндік жарысындағы жеңісін Колобневке пара беру арқылы сатып алған деген күдікке ілініп отыр.
5 – 9 қараша 2012 жыл
Recommended
Қазақстан шетелдік маркетплейстердің жұмысын реттемек. Министр тұтынушылар шағынды деді
XS
SM
MD
LG