Accessibility links

АҚШ сириялық босқындарға 34 млн. доллар бөлді


Түркия шекарасынан өтіп Жейланпынар қаласына бара жатқан сириялық босқындар. 8 қараша 2012 ж.
Түркия шекарасынан өтіп Жейланпынар қаласына бара жатқан сириялық босқындар. 8 қараша 2012 ж.
АҚШ үкіметі сириялық босқындарға жәрдем ретінде 34 миллион доллар бөлетінін мәлімдеді. Сирияның ұрыс жүріп жатқан аймақтарынан қашқан адамдарға АҚШ-тың көрсеткен қаржылай көмегінің жалпы сомасы 165 миллион доллардан асып отыр.

Мемлекеттік департаменттің мәлімдемесінде бұл жолғы гуманитарлық жәрдем жақындап келе жатқан қыс мезгілінде адамдарды жылы киім және көрпемен қамтамасыз ету үшін жасалынып отырғаны айтылған.

БҰҰ-ның деректеріне сәйкес, өткен тәулікте шамамен 11 мың босқын Сирияны тастап шыққан, олардың көпшілігі Түркия жеріне өткен. Халықаралық ұйымның мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта Түркия, Ливан, Ирак және Африканың солтүстігіндегі елдерде Сириядан бассауғалап барған 400 мыңнан аса босқын бар.
XS
SM
MD
LG