Accessibility links

Түркияда күрд белсенділері билікпен қақтығысты


Кеше Түркияның оңтүстігінде күрд белсенділері мен қауіпсіздік күштері арасында қақтығыс болды.

Бұл хабарға қарағанда, Түркияның солтүстік-шығыс провинциясы Жизра қаласында бірнеше мың күрд көшеге шығып, қамауда аштық жариялап отырған күрдтерге қолдау көрсеткен.

Түркияның негізінен күрдтер тұратын оңтүстік-батысында осыдан 60 күн бұрын 50-ден астам түрмеде жатқан 700-ге жуық күрд тұтқындары аштық жариялаған. Оларға алты түрік саясаткері қосылған еді.

Аштық ұстағандар премьер-министр Реджеп Ердоғаннан тыйым салынған күрд жұмысшы партиясының жетекшісі, түрік түрмелерінің бірінде өмір бойына жазасын өтеп жатқан Абдолла Оджаланды адвокатпен қамтамасыз ету талабын қойған.

Күрд сеператистері мен түрік билігі арасында 28 жылға созылған тартыста 40 мың адам өлген. Түркия, АҚШ және Еуро Одақ түрік жұмысшы партиясын террористік ұйым қатарына жатқызады.
XS
SM
MD
LG