АҚШ-тың әскери прокурорлары 16 ауғандықты өлтірді деп айыпталған сержант Роберт Бэйлстің әскери сотқа тартылып, өлім жазасына кесілуін талап етті.
Бэйлстің соты бойынша өткен алдын ала тыңдауларда қорытынды сөз сөйлеген прокурор оны "жиіркенішті және ауыр қылмыс жасады" деді.
Бірақ Роберт Бэйлстің қорғаушылары "қылмыстық істі әскери сотқа беруге дәлелдер жеткіліксіз" дейді. Прокуратураның ұйғарымы бойынша, 39 жастағы Бэйлс 2012 жылы наурызда Ауғанстанның оңтүстігіндегі әскери базадан шығып кетіп, екі елді мекенге шабуыл жасаған. Шабуылдан қаза тапқандар арасында тоғыз бала бар.