Accessibility links

Гауһар тас 21,48 миллион долларға сатылды


Женевада аукционда танымал "Эрцгерцог Иосиф" гауһар тасы ең жоғарғы рекордтық баға - 21,48 миллион АҚШ долларына сатылды.

Гауһар тас әу бастағы сомадан әлдеқайда жоғары және осыдан 20 жыл бұрынғы аукционда сатылған бағасынан үш есе қымбатқа сатылды. Гауһар тастың аукционға шығарылғандағы бағасы 15 миллион АҚШ доллары болған.

Гауһар тастың салмағы - 76,02 карат. Тастың түсі мөлдір және ішкі құрылымы анық көрінеді. Тас Үндістанның Голконда кенішінен табылған. Ол бір кездері Габсбургтер әулетінен шыққан князь, Австрия эрцгерцогі Иосиф Августің (1872-1962) меншігі болған.
XS
SM
MD
LG