Accessibility links

Жапон парламентінің төменгі палатасы таратылды


Жапония премьер-министрі Есихико Нода. 29 тамыз 2011 жыл.
Жапония премьер-министрі Есихико Нода. 29 тамыз 2011 жыл.
Жапония премьер-министрі Есихико Нода парламенттің төменгі палатасын таратты. Енді бұл елде 16 желтоқсанда парламентке жаңа сайлау өтуі тиіс.

Сауалнамаларға қарағанда, Есихико Ноданың Демократиялық партиясы алдағы сайлауда жеңіліп қалуы мүмкін. Сайлауда консервативті либералды-демократиялық партия парламенттің төменгі палатасында 480 орынның көпшілігін жеңіп алуы ықтимал болғанымен, басымдыққа ие бола алмауы мүмкін.
XS
SM
MD
LG