Accessibility links

Президент Назарбаев Дэвид Кэмеронмен сөйлесті



«Әңгімелесу барысында екі мемлекеттің басшылары Қазақстан-Британия қарым-қатынастарының қазіргі жағдайы мен келешегін» талқылады деп хабарлайды akorda.kz сайты.

Сондай-ақ Ұлыбритания премьер-министрімен талқылау барысында «Қазақстандағы жоғары технологиялы өндірісті дамыту мәселесін қоса алғанда, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтудың алдағы қадамдары» сөз болған.

Қазақстан мен Ұлыбритания арасында дипломатиялық қатынас 1992 жылы қаңтар айында орнады.

Ұлыбританияның 1997-2007 жылдар арасындағы премьер-министрі Тони Блэр кейбір деректер бойынша 2011 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі.
XS
SM
MD
LG