Владислав Челах бүгін басталған сот отырысында "бөтеннің мүлкін иеленгенін" және "мүлікке зақым келтіргенін" мойындады деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.
Бірақ Челах сот отырысында өзінің "кісі өлтіргенін" мойындамаған.
"14 шекарашы мен бір орманшыны өлтірді" деген айыппен істі болған сарбаз Владислав Челахтың соты Талдықорғанда дүйсенбіде басталған. Сот ашық түрде өтіп жатыр.
Арқанкергендегі оқиға 2012 жылы мамырдың 30-ы күні мәлім болды. Қазанның 1-і күні Арқанкерген бекетіндегі 14 шекарашы мен орманшының өліміне кінәлі деп қамауға алынған Владислав Челахқа "екі және одан да көп адамды өлтірді", "әскери қызметтен қашты", "әскери мүлікті зақымдады", "әскери қаруды ұрлады", "орманшы мен командирдің жеке мүлкін ұрлады" және "бөтен кісінің үйіне заңсыз кірді" деген айыптар тағылды.