Халықаралық «Шекарасыз тілшілер» ұйымы Алматы сотынан бірқатар оппозициялық басылымдарды жабу туралы прокуратураның арызын қарамауды талап етті.
«Біз соттан Қазақстандағы ақпарат еркіндігі үшін өте қауіпті арызды қарамауды талап етеміз. Егер ол қанағаттандырылса, елде плюрализмнің белгісі де қалмайды. Билік экстремизммен күресті сылтаурап, өзін сынаушыларға шабуылдауды бастады» деді ұйым қарашаның 21-і күні таратқан хабарламасында.
Ұйым халықаралық қауымдастықтан бұл қудалау шараларын қатаң түрде айыптауды талап етіп, Қазақстан "көршісі Өзбекстан мен Түркіменстанның ультра-авторитарлық моделін көшірген кезде кеш болуы мүмкін" деп ескертті.
Қазақстанның адам құқығы бойынша БҰҰ кеңесіне мүше болғанын кекесінмен атап өткен ұйым: "Егер сот оппозициялық бұқаралық ақпарат құралдарына (БАҚ-қа) тыйым салса, елдің мүшеліктен кетуін ресми түрде талап етеміз" деп жазады.
Қарашаның 21-і күні Алматы қаласы прокуратурасы соттан тіркелмеген «Алға» партиясы мен «Халық майданы» қоғамдық бірлестігін экстремистік деп тануды, «К-плюс», «Взгляд» сияқты бірнеше БАҚ қызметіне тыйым салуды талап еткен.