Accessibility links

Қытайлық компания New York Times-ты сотқа бермек


Қытай премьер-министрі Вэнь Цзябао. Пекин, 15 мамыр 2012 жыл.
Қытай премьер-министрі Вэнь Цзябао. Пекин, 15 мамыр 2012 жыл.
Қытайдағы екінші ең ірі Ping An Insurance сақтандыру компаниясы америкалық The New York Times газетін сотқа беретінін хабарлады. Газет таяуда "Қытай премьер-министрі Вэнь Цзябао өзінің бірнеше миллиард доллар байлығын осы компания арқылы жинаған" деген мақала жариялаған.

Компания өкілі газеттің атын атаған жоқ. Бірақ ол баспасөзде жарияланған мақалада "бұрмаланған фактілер, екіұшты және қисынсыз тұжырымдар бар" деп мәлімдеді.

Жексенбіде The New York Times Цзябаоның туысы туралы жаңа мақала басты. Онда 1999 жылы вице-премьер қызметін атқарып тұрған Вэньнің қаржылық актілерді реттейтін ережелерді жойғаны, соның арқасында Ping An Insurance-тың бөлшектелгені жазылған. Мақала авторы осы реформадан соң Цзябаоның отбасы 60 миллиард АҚШ доллары тұратын компания акциясына ие болғанын айтқан.

Қазан айының соңында газет Цзябао отбасының ол билікке келгеннен бері 2 миллиард 700 миллион АҚШ доллары мөлшерінде байлық жинағанын жазған.
XS
SM
MD
LG