Accessibility links

Пәкістан жаңа баллистикалық зымыранын сынады


Сынақтан өткізіліп жатқан зымыран. (Көрнекі сурет).
Сынақтан өткізіліп жатқан зымыран. (Көрнекі сурет).
Пәкістан әскерилері ядролық заряд алып ұша алатын орта қашықтықтағы баллистикалық зымыранды сынақтан сәтті өткізгенін хабарлады.

Әскерилердің ақпаратына қарағанда, Hatf V Ghauri зымыраны сәрсенбіде ұшырылған. Зымыран 1300 шақырым қашықтыққа жай бомбаны да, ядролық зарядты да тасымалдай алады.

Пәкістан 1998 жылы көршілес Үндістан жасаған сынақтан соң алғашқы жерасты ядролық қаруын сынап, ядролық держава атанған. Содан бері екі ел алма-кезек зымырандарын сынақтан өткізіп келеді.

Пәкістан мен Үндістан 1947 жылы Ұлыбританиядан тәуелсіздік алғаннан бері үш рет соғысты. Оның екеуі даулы Кашмир аймағына қатысты таластан туындаған.
XS
SM
MD
LG