Accessibility links

Жоғалған тікұшақтың табылғаны хабарланды


Тікұшақ. (Көрнекі сурет).
Тікұшақ. (Көрнекі сурет).
Алматы облысында жоғалған МИ-8 тікұшағы табылды деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz сайты. Бірақ тікұшақ бортында болған 8 адам туралы әзірге дерек жоқ.

Министрліктің хабарлауынша, тікұшақтың сынықтары 16-теміржол разъезі аумағында табылған.

24 қарашада Алматы облысы Алакөл ауданы аумағынан Достық станциясына қарай көтерілген тікұшақ жоғалып кеткен еді. Тікұшақта экипаж мүшелерімен қоса алғанда 8 адам болған. Тікұшақты «Қазақстан-Қытай мұнай құбыры» компаниясы Атасу-Алашанькоу құбыр жолдарын тексеру үшін жалға алған.

Ал Қазақстанның бас транспорт прокуратурасы кеше тікұшақтың жоғалуына байланысты қылмыстық іс қозғаған.
XS
SM
MD
LG