Accessibility links

АҚШ сенаты Ауғанстаннан әскер шығаруды қолдады


АҚШ сенаты америкалық әскерилердің Ауғанстаннан жеделдетіп шығарылуын қолдап дауыс берді. Ауғанстаннан әскер шығару туралы заң жобасын 62 депутат қолдап, 33 депутат қарсы болды.

Сарапшылардың пікірінше, сенаттағы дауыс беру нәтижесі Ауғанстандағы 66 мың америкалық әскерді шығару мәселесін талқылап жатқан президент Барак Обама мен әскери шенеуніктерге берілген ескерту болмақ.

Бейсенбіде қорғаныс министрі Леон Панетта "Әл-Қаида" ұйымы Ауғанстанға орнығып алғандықтан, АҚШ әскері 2014 жылы әскери миссиясы біткеннен соң да сонда қала беруі тиіс" деп мәлімдеген еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG